"Медеу" саябағының басшылары пара алды деген күдікпен ұсталды

"Медеу" саябағының басшылары пара алды деген күдікпен ұсталды
Фото: tengrinews.kz

"Медеу" саябағының басшылары пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап.

"Медеу" директоры Алмас Аттапханов, оның орынбасары Алмас Айқымбаев және ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы Асқар Жанаевқа қатысты соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Олар мемлекеттік сатып алу туралы келісімшатқа байланысты кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінген.

Айта кетейік, "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғат паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасына қарайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек