Жалған ақша: Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды сақ болуға шақырды

Қазақстанда жалған ақша купюраларын анықтау дерегі жиілеп кеткен. Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сіздерді сақ болуға және қырағылық танытуға шақырамыз. Қаражаттарыңызды тек арнайы айырбастау пункттерінде немесе екінші деңгейлі банк бөлімшелерінде айырбастаңыз. Жалған купюра анықталған жағдайда Қаржы мониторинг агенттігіне немесе Полиция департаментіне хабарлаңыз", - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, жалған купюраны пайдалану, төлеуге тырысу қылмыстық құқықбұзушылық саналады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!