Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімі ұзартылды

Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Ол 2023 жылғы 21 наурызға дейін қамауда болады.

"2023 жылғы 20 қаңтарда сот шешімімен соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, Қ.-нің қамауда ұстау мерзімін 2 айға ұзартуға санкция берілді", - делінген Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарламасында.

Еске салайық, экс-депутат Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасы бойынша 22 сәуірде ұсталған болатын. Ол бір айға қамауға алынды, кейін қамау мерзімі 21 маусымға дейін, одан кейін тағы үш айға ұзартылды.

Прокурорлардың айтуынша, Құдайберген жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінген. Алдын ала тергеу барысында Қайрат Құдайберген Арман Жұмагелдиевпен (Дикий Арман - еск.) "Қазақстан" қонақүйінде адамдарды жинауды ұйымдастырып, Жұмагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға және билікке бірыңғай талап қоюға шақырғаны, сондай-ақ адамдарды 10 адамнан бөліп, оларды топтастырудың айрықша белгісі ретінде қолына ақ түсті таңғыштарды байлауды тапсырғаны анықталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!