Қазақстандағы ең жас әкім кім және ол қанша жаста?

Қазақстандағы ең жас әкім кім және ол қанша жаста?

17 қаңтардағы жағдай бойынша, өңір әкімдерінің орташа жасы 52,7 жас, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ranking.kz сайтының зерттеуіне сілтеме жасап. 

Елдегі жасы үлкен әкім - ШҚО басшысы Даниал Ахметов. Ол 68,6 жаста. Жас бойынша екінші және үшінші орында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев (60,1 жас) және Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов (59,7 жас). 

Ал ең жас әкім - Шымкент қаласын басқарып отырған Мұрат Әйтенов (41,2 жаста). Сонымен қатар, жас әкімдердің қатарында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов (43,5 жас) және павлодар облысының әкімі Асайын Байханов (44,1 жаста) бар. 

Ең жас әкім Мұрат Әйтенов 38 жасында қала басшысы болып тағайындалған. Кейінгі үш жылдан бері ол Шымкент қаласының әкімі. Ал Атырау және Павлодар облыстарының әкімдері 42 және 44 жастарында осы қызметке келген. 

Даниал Ахметов 8,2 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысын басқарып келе жатыр. Ол 60 жасында әкім болған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина