Ғылымға бөлінген инвестиция екінші жыл қатарынан қысқарып жатыр

Ғылымға бөлінген инвестиция екінші жыл қатарынан қысқарып жатыр
Фото: Тengrinews

Ғылымға бөлінген инвестиция екінші жыл қатарынан қысқарып жатыр. Бұл салаға бөлінген инвестицияның 55 пайыздан астамы тек үш аймаққа тиесілі, - деп хабарлайды Finprom.kz.

Былтырғы қаңтар мен қараша аралығында кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 45,5 миллиард теңге болады. Былтырға қарағанда 14,7 пайызға аз. 2021 жылы бұл саладағы инвестиция 53,4 миллиард теңге болды.

 

Өңірлер арасында кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласындағы күрделі инвестицияның ең көп көлемі Астанаға тиесілі: 10,3 миллиард теңге, оған қоса жылдық өсім 1,8 пайыз болды.

Екінші орында Алматы тұр, онда 8,9 миллиард теңге салынған. Былтырмен салыстырғанда 10,1 пайызға артық. Қызылорда облысы көшбасшыларының үштігін аяқтайды, онда 6 миллиард теңге, жылдық өсім - 13, 2 пайыз. Осы үш өңірге ел бойынша барлық салымның 55,4 пайызы тиесілі болды. Жетісу облысына ең аз инвестиция салынған: бар болғаны - 158,9 миллион теңге. Антилидерлер үштігіне Павлодар және Ақмола облыстары да кірді.

Сектордағы инвестицияның барлық дерлік көлемі кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен қамтамасыз етілген: 91,2 пайыз немесе 41,5 миллиард теңге.

Республикалық бюджеттен 1,7 миллион теңге (жылдық өсім 2,9 есе), жергілікті бюджеттен 397,6 миллион теңге (жылдық өсім 7,8 пайыз) бөлінген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова