Тоқаев депутаттар шынайы патриотизмнің үлгісін көрсетті деп есептейді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылым депутаттарына алғыс айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылым депутаттарына Әділетті Қазақстанды құру бағытын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етіп, еліміздің өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешкен, саяси және экономикалық реформаларды жүргізуге белсенді атсалысқан, қоғамдағы тұрақтылық пен заң үстемдігін қамтамасыз еткен табысты жұмысы үшін алғыс айтамын", - деп жазды Тоқаев.

Тоқаев сонымен бірге Мәжіліс депутаттары жоғары кәсібиліктің, азаматтардың алдында жауапкершілік және шынайы патриотизмнің үлгісін көрсетті деп есептейді.

Еске салайық, Мемлекет басшысы 2023 жылғы 19 қаңтарда Парламент Мәжілісін таратып, сайлау күнін белгіледі. Бұл 2023 жылғы 19 наурызда өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!