Астананың дамыту орталығында балаларды ұрған тәрбиешілер жұмыстан қуылды

Астананың дамыту орталығында балаларды ұрған тәрбиешілер жұмыстан қуылды

Астанада дамыту орталығында балаларды ұрған тәрбиешілер жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Қаланы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ата-аналардың балалармен дөрекі қарым-қатынас жасау туралы шағымдарын қабылдап, тыңдады, тексеріспен шықты, бұл деректер расталған. Балалармен қарым-қатынас медициналық-әлеуметтік стандарттар мен этикалық-моральдық нормаларға сәйкес келмейді.

Бұл дерек бойынша жағдайды ішкі және сыртқы тергеу бірден басталды. Үш тәрбиеші жұмыстан қуылып, соталды тергеу басталды. 

Орталық басшылығымен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Ата-аналарға басқа орталыққа - "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-не ауысу ұсынылды. Ата-аналар бұл ұсынысты қабылдаған. 

Еске салайық, бүгін Астана тұрғыны баланы дамыту орталығында ұлына тәрбиешілер тарапынан қатыгездік жасалғанын айтқан болатын. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ведомство мәліметінше, 17 қаңтарда полицияға елорда тұрғыны "Балам-Ай" баланы дамыту орталығындағы кәмелетке толмаған ұлына қатыгездікпен қаралғанын айтқан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина