"Әскери бөлім маңына қарға жасырған". Қарағандыда есірткі тасымалдаушы ұсталды

Қарағандыда есірткі тасымалдаушы есірткіні әскери бөлім маңына жасырғысы келген. Бірақ оған бейнекамера арқылы әскери бөлімге іргелес аумақты бақылайтын күзетші кедергі келтірді, - деп хабарлайды Elitar.kz.

Басылым мәліметінше, 18 қаңтарда сағат 17.20 шамасында қатардағы жауынгер Ердәуіт Сәрсенбай 6505 әскери бөлімінің қоршауы маңында қарға бірдеңе жасырған күдікті адамға назар аударған.

Кейін әскери қызметшілер күдіктіні ұстаған. Ол 1995 жылы туған қарағандылық болып шықты. Тексерген кезде оның қалтасынан жұқалтырға оралған ақ-көк түсті белгісіз заттары бар 4 тұқыртпа табылған. Сонымен қатар, қардан 3 тұқыртпа табылған.

Оқиға орнына Қарағанды жедел-тергеу тобы қызметі шақырылған. Одан әрі тергеу үшін құқықбұзушы полиция бөліміне жіберілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!