Екібастұзда 57 жастағы әйел үсіп қалған

Екібастұзда 57 жастағы әйел үсіп қалған

Екібастұзда 57 жастағы әйел үсіп, қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, оқиға 12 қаңтарда болған. Қаладағы Беркімбаев көшесінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ белгісіз әйелдің денесі табылған. 

Полиция сот-медициналық сараптама жүргізген. Сараптама нәтижесі бойынша, 57 жастағы әйел адам аяздан үсіп қайтыс болғаны анықталды.

"Әйелдің жеке басы анықталды. Ол Екібастұз қаласының 1966 жылы туған тұрғыны болып шықты", - дейді полиция өкілдері. 

Бұған дейін бұл дерек бойынша соталды тергеу болған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина