Әділ Сламхан мен Дана Маханбаеваның бесінші баласы дүниеге келді

Жұлдызды жұп Әділ Сламхан мен Дана Маханбаеваның бесінші баласы дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Дана Маханбаеваның өзі Instagram-парақшасында хабарады.

"Сүйінші, жақсыларым. Алланың қалуымен атұстарымыз келді өмірге. Жарық дүниеге Қош келдің, батырым. 5 рет әке-ана атандырған Аллаға мың шүкір! Тілеуімізді тілеп отыратын әрбір оқырманыма жұғысты болғай. Көпбалалы әке атануыңызбен, Әдеке", - деп жазды әнші. 

Жұлдызды жұпты өнердегі әріптестері де құттықтады. 

Айта кетейік, әнші Әділ Сламхан мен Дана Маханбаева 2008 жылы бас қосқан болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!