- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда Соңғы қоңырау...
Қазақстанда Соңғы қоңырау 1 маусымда атап өтіледі
Енді Қазақстанда Соңғы қоңырау 1 маусымда атап өтіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты.
"Барлық қазақстандық мектепте оқу жылының ұзақтығы - 36 апта. Дәстүр бойынша, оқу жылының бірінші күні - 1 қыркүйек, ал биылдан бастап соңғы оқу күні - 31 мамыр. Бұл күні оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес, сабақтармен қатар, сабақтан тыс шаралар өткізіледі. 1 маусым - жазғы каникулдың алғашқы күні, сонымен қатар, бұл күні балаларды қорғау күнімен қатар, мектептерде соңғы қоңырау мерекесі өткізіледі", - дейді ол видеода.
Еске салайық, бұған дейін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжол Әлтай Оқу-ағарту министрлігінің соңғы қоңырау күніне қатысты бұйрығына наразылығын білдірген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек