"Нелерің бар?" Дариға Бадықова Ерке мен Raim-ды сынағандарға үн қатты

"Нелерің бар?" Дариға Бадықова Ерке мен Raim-ды сынағандарға үн қатты

Танымал актриса Дариға Бадықова Желіде қызу талқыланып жатқан Raim мен Ерке Есмаханның арақатынасы туралы пікір білдіріп, қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актриса әркімнің өзіндік өмір жолы, тағдыры барын айтты.

"Ерке мен Раймның өмірі өсекшілер үшін азық болады-ау. Нелерің бар, әй?! Әсіресе қыз өсіріп отырған қатындар, алдына шығып келгендей, бөспесеңдерші! Тағдыр деген мықты роль бар. Тыныш қана бір жерімізге қарап, өз қотырымызды қасып отыра берейік", - деген ол.

Айта кетейік, бұған дейін Мәдина Сәдуақасова Ерке Есмахан мен Raim-ға қолдау білдірген болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова