Алматы облысында газ жарылды: зардап шеккендер бар

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында газ жарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 18 қаңтарда сағат 02:14-те болған. Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы мекенжайы бойынша алдын ала тұрмыстық газ баллонының жарылғаны туралы хабарлама түскен.  

Оқиға орнына дереу құтқару күші мен құралдар жіберілді.  

Шақырту орнына сағат 02:18-де келгеннен кейін тандыр наубайханасы қоймасының аумағында көлемі 50 литр тұрмыстық газ баллонын пайдалану бойынша қауіпсіздік талаптарының бұзылуына байланысты тарсыл пайда болып, кейіннен 10 шаршы метр аумақта өрт шығып, 96 шаршы метр аумақта шатыр мен қабырға құлағаны анықталды.

Газ баллонының тарсылы салдарынан Есік қаласының орталық аудандық ауруханасына Өзбекстанның екі азаматы қолдары мен аяқтары екінші дәрежелі термиялық күйіктерімен ауруханаға жатқызылды. Өрт сағат 02:32-де оқшауланып, сағат 02:38-де жойылды.

Шақырту орнында 5 қызметкер және 2 бірлік ТЖД техникасы, 2 қызметкер және 1 бірлік жедел медициналық жәрдем бригадасының техникасы жұмылдырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!