Риддердегі ЖЭО-да өрт шықты

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Риддерде ЖЭО өртеніп кеткенін айтып, талқылап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Риддердергі ЖЭО өрті туралы видео әлеуметтік желіде тарады. 

Видеода ғимарат қызыл жалынға оранғаны көрсетілген. Риддер тұрғындары енді үйлердегі жылу азаюы мүмкін екенін айтып жатыр.  

Tengrinews.kz сайтының мәліметінше, ШҚО әкімдігі өңір басшылығымен Риддерге шыққан.  

"Облыс әкімі Риддерге шықты. Штаб отырысының мәліметінше, ресми ақпарат беріледі", - делінген ШҚО әкімдігінің хабарламасында. 

"Риддер ЖЭО" АҚ презденті Әл-Тайыр Ақбұжанов ғимаратта өрт шыққаны туралы ақпаратты растады.  

"Құрметті қала тұрғындары. Расында жанармай цехында өрт болды. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді, абырой болғанда, адам шығын жоқ. Жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жылу желісінің температурасы уақытша төмендейді. Сабыр сақтауларыңызды сұраймыз. Әрі қарайғы әрекеттер туралы ақпарат береміз", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!