Бурак Озчивит пен Фахрие Эвдженнің екінші баласы дүниеге келді

Танымал түрік актерлері Бурак Озчивит пен Фахрие Эвдженнің екінші баласы дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл қуанышты жаңалықты Gecce түрік басылымы хабарлады. 

"Бурак Озчивит әйелі Фахрие Эвджен босанып жатқанда қасында болып, қуанышқа толы сәтті өз көзімен көрді", -  деп жазған басылым.

Танымал жұптың екінші баласының есімі - Керем. Бала Түркияда орналасқан америкалық перзентханада дүниеге келген. 

Еске салайық, Бурак Озчивит пен Фахрие Эвджен 2017 жылғы маусымда үйленді. 2019 жылы көктемде ерлі-зайыптының бірінші баласы дүниеге келді, оның есімі - Каран.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!