2022 жылы қазақстандықтар 8,11 миллиард теңгесін қаржы пирамидасына салып жіберген

Қазақстанда қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық істер саны азайып жатыр. 2020-2021 жылдардағы мәліметтермен салыстырғанға, полицияға қаржы пирамидасына алданғаны туралы арыздар аз түсетін болған. Мұндай деректерді Ranking.kz зерттеушілері келтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дегенмен қаржы пирамидасынан келген шығын әлі азаймай тұр. Пандемияның алғашқы жылында қаржы пирамидаларының ұйымдастырушыларына қатысты қылмыстық істер саны 7 есе өскен: 24-тен 80 қылмысқа дейін қозғалған. 2020 жылы қаржы пирамидаларынан келген шығын көлемі 1,59 миллиардтан 6,17 миллардқа жеткен. 

2021 жыл - қаржы пирамидаларының "өркендеген" кезеңі болған. Олар кеңінен тарап, мегаполистерден аймақтарға дейін жеткен. Қылмыстық істер саны азайғанымен, шығын айтарлықтай көбейген: 33,34 миллиард теңгеге дейін жеткен. Бұл Бас прокуратура бақылауындағы кезең, яғни 2015 жылдан бері тіркелген рекордтық көрсеткіш.  

2022 жылы салымшылардың ақшасын тарта отырып жасалған қаржылық қылмыстар азайған: қаңтар-қараша аралығында 127 іс тіркелген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 24,8 пайызға аз. Зардап шеккендер саны 1,2 мыңнан 625-ке азайған. Айта кетейік, статистикада полицияға арызданған адамдар ғана есептелген. 

2022 жылғы шығын туралы айтар болсақ: Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің деректері бойынша, былтыр қаңтар-қараша аралығында 8,11 миллиард теңге шығын болған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!