Ақтөбе облысында жол апатынан Түркия азаматы қайтыс болды

Ақтөбе облысында жол апатынан Түркия азаматы қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

17 қаңтарда Mercedes Benz жүк көлігінің 43 жастағы жүргізушісі, Түркия Республикасының азаматы Қостанай облысынан Ақтөбеге қарай бара жатқан. Ол Әйтеке би ауданы Темірбек Жүргенов ауылының маңында жүріп келе жатып, басып озамын деп DAF жүк көлігіне соғысқан.

"Салдарынан Mercedes Benz автокөлігі жолдың жүріс бөлігінен ілеспе бағытта мұзды тазарту бойынша жол жұмыстарын жүргізіп жатқан автогрейдермен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes Benz көлігінің 43 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды", - делінген polisia.kz таратқан хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!