2022 жылы Қазақстанда қанша баспана берілді?

2022 жылы Қазақстанда 130 686 үй тапсырылған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 12,6 пайызға аз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ұлттық статистика мәліметінше, тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің төмендеуі 20 өңірдің 11-інде байқалған.

Оның ішіңде, Алматыда -41,4 пайыз. Ал Астанада -24,8 пайызға төмендеген.  

2022 жылдың қорытындысы бойынша, баспана көп тапсырылған қалалардың ішінде: 

Астанада 26,4 мың пәтер;

Алматыда 16,1 мың пәтер; 

Шымкентте 9 мың пәтер. 

Жалпы, бір жылда Қазақстанда 15,4 миллион шаршы метр үй тапсырылған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!