БҚО-да жалақы көтеруді талап еткен жұмысшылар үшінші күн митингке шықты

БҚО-да жалақы көтеруді талап еткен жұмысшылар үшінші күн митингке шықты

Батыс Қазақстан облысындағы ККС-Sicim компаниясының жұмысшылары үш күннен бері жалақыларын 50 пайызға көтеруді талап етіп, ереуілдеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап. 

18 қаңтардағы жағдай бойынша, жұмысшылар әлі тарамаған. 

"Бейбіт митинг әлі де болып жатыр. Бәріміз орнымыздамыз. Бұл жерде полиция, медицина қызметкерлері, шенеуніктер, бірнеше микроавтобус, ерекше мақсаттағы милиция жасағы ма, әлде арнайы жасақ па жүр", - дейді жұмысшылар. 

Митингке шыққандар талабы орындалмайынша кетпейтінін айтқан. Түнде компания жұмысшылары Президент Тоқаевқа үндеу жасаған болатын.  

Еске салайық, бұған дейін KKC-Sicim компаниясына қатысты тексеріс басталғанын хабарлаған болатынбыз. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина