"Бүгін бір шындыққа көзім жетті". Айдана Меденова ерекше мінезі туралы айтты

"Бүгін бір шындыққа көзім жетті". Айдана Меденова ерекше мінезі туралы айтты
Фото: Instagram/aidanamedenova_officialpage

Танымал әнші Айдана Меденова мінезі қандай екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы Instagram-парақшасында бөлісті. Әншінің айтуынша, ол бірнәрсені қатты қаласа алған бетінен қайтпайды. 

"Мінезімнің бір қыры жайлы жазсам деймін. Бүгін бір шындыққа көзім жетті. Ойлап отырсам, мен мынадай адам екенмін: егер бірнәрсені қаласам, мені ештеңе тоқтата алмайды. Ұсақ-түйек шаруалардан бастап, ірі проектілерге дейін өз дегенімнен қайтпаймын! Кейде біреудің, тіпті туғанымның пікірін ескермеймін", - дейді әнші. 

Сондай-ақ, Айдана Меденова алтыншы сезімі ешқашан алдамайтынын айтты. 

"Бірдеңе ойыма түссе, соған дәл қазір қол жеткенше асығамын. Дәл қазір сол істі жасауым керегін сезсем болды. Интуициям ешқашан алдамайды. Көз алдымда сол істің нәтижесі де көрініп тұрады. Ең қызығы, сол қалауым өзім тілегендей боп шығатынына сенемін. Ал сол жолда қиындық кездескен сайын көбірек талпына түсемін. Көп жағдайда ойымдағы сол мақсаттарым орындалады, Аллаға шүкір. "Бүгін тындыра алатын шаруаңды ешқашан ертеңге қалдырмаңыз!" деп мен айтқан жоқпын. Тек бір жерден оқыған осы сөз есімде сақталып қалыпты", - дейді өнер иесі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айдана Меденова (@aidanamedenova_officialpage)

Желі қолданушылары да бірнәрсені жоспарға алса, әнші сияқты тағатсыздана күтетінін жазған. 

"Ойыма алған ісім орындалсын деп асығамын, бірақ нәтиже үнемі ойымдағыдай бола бермейді. Кейде өзім ойлағаннан да керемет болады", "Мінезді өзгерту біреудің қолында емес, ол адамның өз қолында, егер мінезің жақсы болса ішкі жан дүниең де соған бағынады", "Менің де мінезім дәл сондай. Ойымдағыны жүзеге асырмайынша жаным тыныштық таппайды", - деп пікір қалдырған олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек