Тоқаев БАӘ-ге ресми сапары аясында бірнеше құжатқа қол қойды

Тоқаев БАӘ-ге ресми сапары аясында бірнеше құжатқа қол қойды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында бірнеше құжатқа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы қол қойған құжаттар тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы стратегиялық инвестициялық жобаларды құру туралы бірлескен декларация;
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Бас азаматтық авиацияның басқармасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, KIDF қоры және Masdar компаниясы арасындағы қағидаттар туралы келісім;
4. KIDF қоры мен Masdar компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
5. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Abu Dhabi Ports компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
6. "ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ және "Abu Dhabi Ports Group" компаниясы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісім;
7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Денсаулық сақтау және профилактика министрлігі арасындағы Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
8. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Ануар Гаргаш атындағы Дипломатиялық академия арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
9. Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық кітапханасы мен архивтері арасындағы Архив ісі саласындағы халықаралық байланыстарды жүзеге асыру жөніндегі келісім.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова