Абай облысында табылған табытты полиция тексерді

Абай облысында жолда табыт табылған. Желі қолданушылары оның ішінен сүйектер шыққанын айтқан. Абай облысының Полиция департаменті өкілдері бұл жайтқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, табыт расымен де табылған. Бірақ оның ішінде адам қалдықтары болмаған.

Ал ер адамның денесі 8 қаңтарда Алматыдан Семей қаласына, кейін Көкпекті ауданына жерлеу үшін тасымалданғаны анықталды. Мәйітті тасымалдау үшін пайдаланылған табыт әуежайдың жанында қалған.

Осы дерек бойынша марқұмның 32 жастағы туысына қатысты жақын арада қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалады.

Осы баптың санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!