"Продюсері - нағашы ағасы". Ата-анасының жолын қуған танымал жұлдыздар

"Продюсері - нағашы ағасы". Ата-анасының жолын қуған танымал жұлдыздар

Шоу-бизнесте ата-анасының жолын қуып, өнерден алыс кетпегендер жетерлік. Тіпті кейбірі бүгінде бүкіл әлемді таңдай қақтырып, қазақ атын паш етіп жүр. Massaget.kz тілшісі өнерлі отбасында дүниеге келіп, сол жолды қуған өнерпаздарға шолу жасады.

Димаш Құдайберген

Танымал әншілер Қанат пен Света Айтбаевтар институт бітірген кезде шаңырақ көтерген. Өнерлі жұп 1992 жылдан бері сахнада. Бұл отбасының тұңғышы - Дінмұхамед Құдайберген.

© Instagram

Ол 2014 жылы Ақтөбедегі Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжді "академиялық ән орындау" мамандығы бойынша бітіріп, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің "эстрада өнері" факультетіне оқуға түскен. Осылайша, әнші ата-анасының жолын қуған. Тіпті музыкалық қабілеті жағынан ол 6 октаваға дейін ән шырқай алатыны айтылады.

Димаш Құдайберген 2015 жылғы "Славян базары" байқауында бас жүлдені жеңіп алған еді. Алайда бұған дейін Қазақстанда өткен жобаларда сынға да қалған болатын.

"Болашақта әке-шешең сияқты өзіңнің бір жақсы әдемі халықты қуантатын әнің көп болады деп ойлаймын. Жұлдызың жана берсін", - деген еді сол кезде қазылар алқасының бірі.

Дегенмен Қытайда өткен I am a singer жобасынан кейін әншінің жұлдызы жанып, танымалдығы артқан болатын.

Димаш кішкентай кезінен ата-әжесіне жақын болғаны жиі айтылады. Олар да өнерден құр алақан емес. Ашық дереккөз мәліметтерінде бірі домбырада ойнайтыны, екіншісінің ән айтуға бейімі бары айтылады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Сонымен қатар, әнші Instagram-парақшасындағы кейінгі жазбаларының бірінде Мансұр атты інісімен және Раушан атты қарындасымен бірге ән жазып жатқанын айтқан еді. Сондай-ақ, бұл туындыда Мансұрдың композитор ретіндегі алғашқы жұмысы көрінген екен. Демек, олар отбасымен өнерлі жандар деуге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Бейбарыс Қаба

Танымал әнші Роза Әлқожаның ұлы Бейбарыс Қаба да өнерлі. Ол алғаш рет 2011 жылы сахна төріне шыққан.

Бейбарыс Қаба қазір де ән айтып, жеке әндерін шығарып жүр. Тіпті анасымен бірге қала аралап, концерт беріп жүр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Roza ALKHOJA (@roza_alqozha)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от BQ | Bars Qaba ? (@bars_qaba)

Алайда оның негізгі мамандығы актер екен.

"Ұлым мен қызым Бішкекке оқуға түсті! Екеуі де актерлік білім алған ғой. Әрі қарай жұмыс жасаңдар дедім. Теория өз алдына, адамды пісіретін - еңбек. Тізең қанамай, маңдайың терлемей ештеңе өнбес. Өнер адамы болу үшін өзіне ғана сену керек адам!" - деп жазған әнші Желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Roza ALKHOJA (@roza_alqozha)

Кейінгі сұхбаттарының бірінде Бейбарыс 7-сыныптан бері ән жазу қабілеті барын айтқан еді. Ал продюсері - Әбдіжаппар Әлқожа. Оның сөзінше, дауысының Әбдіжаппарға ұқсауы бір жағынан еліктеу, бір жағынан туыстық қатынасқа байланысты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от BQ | Bars Qaba ? (@bars_qaba)

Ал анасы Роза Әлқожа баласын әдейі өнерге бұрмаса да осы салаға бағытталып кеткенін жеткізген еді.

Қарлығаш Мұхамеджанова 

Композитор Төлеген Мұхамеджанов пен әнші Нұржамал Үсенбаева бүгінде төрт бала тәрбиелеп отыр: Жанна Мұхамеджанова, Құралай Мұхамеджанова, Қарлығаш Мұхамеджанова, ұлдары - Дәурен Мұхамеджанов.

Жұлдызды жұптың кенже қызы Қарлығаш Мұхамеджанова актриса ретінде де өнер көрсетіп жүр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Карлыгаш Мухамеджанова (@karlygashmuhamedzhanova)

Ол "Қазақ хандығы. Алтын тақ", "Дала дауысы", "Аманат", "Келинка Сабина-2" секілді бірнеше фильмге түскен. Ал бір кездері әнші ретінде де бағын сынаған.

Бағжан Октябрь

Танымал әнші Өктем Алтаевтың ұлы - виолончельші Бағжан Октябрь. Ол Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, "Терапия души" деген атаумен оркестрдің сүйемелдеуімен концерт өткізіп жүр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бағжан Октябрь - Клайдикс (@clvdeex)

Жақында ғана Бағжан әкесіне су жаңа көлік мінгізген еді. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында айтты. 

"Әкеме көлік сыйладым. Бала Бағжанның үлкен армандарының бірі әкеме көлік сыйлау еді. Құдайға шүкір, осы күнге жеттік. Әдетте отбасымды көрсете бермеймін, бірақ бұл сәтті сіздермен бөліспеске болмады. Мені шабыттандырып, әрдайым қолдайтын сіздерге рақмет!", - деп жазды Бағжан Октябрь. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бағжан Октябрь - Клайдикс (@clvdeex)

Сондай-ақ, Бағжан билегені әкесіне ұқсайтынын жеткізген болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Октябрь Алтаев (Өктем) (@oktem_altayev)

Әбілмәнсұр Серіков

Белгілі актер, әзілкеш Әбунәсір Серіковтың ұлы Әбілмәнсұр Серіков те актер. Ол 1991 жылы дүниеге келген. Темірбек Жүргенов атындағы Өнер Академиясын тәмамдаған. "5:32" сериалына түскеннен кейін оның көрермен арасындағы танымалдығы артқан болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Esquire Kazakhstan (@esquirekazakhstan)

Одан бөлек, "Балалық шағымның аспаны", "Біржан сал" секілді туындылар арқылы да танымал.

Ал оның әкесі Әбунасыр Серіков exk.kz басылымыны берген сұхбатында ұлына әлі де көп жұмыс істеу керегін, актер деп санамайтынын айтқан екен.

"Ол балаға әлі біраз жұмыс істеу керек. Мен оны әлі "актер" деп санамаймын. Нағыз актер деп Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Досқан Жолжақсынов, Әмина Өмірзақоваларды айтуға болады. Ұлыма әлі көңілім толмайды. Оған көп еңбектену керек", - деген ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова