Павлодарда таксиге отырған әйел жоғалып кетті

Павлодарда таксиге отырған әйел жоғалып кетті

Павлодарда таксиге отырған әйел жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, Елена Федоровичева 16 қаңтарда Павлов көшесі, 48 мекенжайы бойынша көк минивэнге отырып, белгісіз бағытта кеткен. 

Vita ұйымының мәліметінше, 40 жастағы әйелдің әрі қарай қайда кеткені белгісіз. Жоғалып кеткен әйелдің негізгі белгілері: бойы - 165 сантиметр, ақ сары шашты. Ұзын куртка, көк түсті бас киім киген.  

"Кеше бірден іздестіру шараларына қосылдық. Белгісіз бағытта  шығып кеткен  әйел бақылау камерасына түсіп қалған. Шамамен минивэн шағын таксиімен кеткен.  Павлодар мен Екібастұз теміржол вокзалының аумақтары, бейнебақылау камералары өңделді, сондай-ақ туыстарынан сұрастырылды. Өкінішке қарай, іздеу жұмыстары әзірге нәтиже бермеді", - дейді еріктілер.

Еріктілер көлік иесінен әйелдің қайда кеткені туралы хабарлауды сұрайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина