ШҚО-да халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

ШҚО-да халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Фото: Tengrinews.kz

Өскеменде полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен Тәжікстанның құқық қорғау органдарынан ұзақ уақыт бойы жасырынып келген 27 жастағы қылмыскерді ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Altaynews.kz басылымына сілтеме жасап.

2021 жылғы тамызда жәбірленушінің сеніміне кірген күдікті оған Латвияға виза алуға, сондай-ақ, оны көрсетілген елге жіберуге көмектесуге уәде берді.

"Күдікті жәбірленушіден 2325 доллар ақша алған. Оған қатысты Тәжікстан Республикасының Соғды облысының Ішкі істер министрлігі Тәжікстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 247-бабының 2-бөлігі бойынша қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау арқылы іздеу ісін қозғады", - деп түсіндірді ШҚО ІІД өкілдері.

Біраз уақыттан кейін айыпталушының Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жері анықталды. Биыл қаңтарда іздеуде жүрген ер адам ұсталып, Тәжікстан Республикасына депортацияланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек