Былтыр күзде жоғалып кеткен қазақстандықтар өлі табылды

Былтыр күзде Алматы мен Оралда жоғалып кеткен екі ер адам өлі табылды. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілер тобы Instagram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жоғалып кеткендердің бірі - Асыл Баянбаяв, 2022 жылдың 5 қазанында із-түзсіз кеткен. Ол үйінен шығып, сол күйі оралмаған. Марқұмның денесі 14 қаңтарда табылған. 

Екінші адам Альберт Газимов, 1992 жылы туған, Орал қаласында тұрған. Былтыр 28 қарашада үйінен шығып, оралмаған.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!