Шымкент ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның көлігіне қатысты дау шықты

Шымкент ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның көлігіне қатысты дау шықты
Фото: Шымкент патрульдік полиция полкінің баспасөз қызметі

Шымкент патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қала бойынша жалған мемлекеттік нөмірімен жүрген көлікті анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Шымкент патрульдік полиция полкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік жүргізушісі 590-бап 4-бап бойынша жауапқа тартылды. Kia Rio маркалы, 0745 мемлекеттік белгісі бар автокөлік Шымкент Полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы М.Бекееваға бекітілген.

Айта кетейік, бұл көлік иесіне жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жарты миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.

Еске салайық, Шымкент Полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы М.Бекеева өзіне қол жұмсамақ болған. 5 сәуірде Мөлдір Бекеева Facebook-парақшасында қоштасу жазбасын қалдырған. Жазбада ол мұндай қадамға қалалық ПД басшылығының қысымы итермелегенін айтқан. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек