Ежелгі Қытай кестесімен бала жынысын жоспарлауға бола ма?

Ежелгі Қытай кестесімен бала жынысын жоспарлауға бола ма?
Фото: elements.envato.com

Әлеуметтік желілерде ата-ана ұл немесе қыз тууды жоспарлай алатыны туралы хабарландырудың суреті тарады. Онда ежелгі Қытай кестесімен бала жынысын анықтауға болатыны айтылады, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Кестедегі көлденең бағанда әйелдің жасы 18-ден 45 жасқа дейін көрсетіледі, ал тігінен 12 ай жазылған. Қалған ұяшықтарда әйелдің жасына және жүкті болу айына байланысты баланың жынысы (Е немесе Ә) көрсетілген.

Сонымен қатар, хабарландыруда кесте тексерілгені және нақты шығаратыны айтылған. Ол ежелгі Қытай ғалымдары зерттеулерінің негізінде жасалған екен. Алайда бұл кестеге сенудің қажеті жоқ. Басқа халықтық әдістер сияқты бұл да болашақ баланың жынысын нақты жоспарлай алмайды. Мысалы, жастық астына ойыншық көлік немесе айна салу, белгілі бір тағамдарды тұтыну, ұл немесе қыз туу үшін ай кезеңдерін бақылау секілді бұл да бала жынысын анықтай алмайды.

Сондай-ақ, бұл кестенің дұрыс екеніне нақты ғылыми дәлелдер жоқ. Фейкте айтылған ежелгі Қытай ғалымдарының зерттеулері де белгісіз.

Интернетте түрлі дереккөзде бұл кестенің бірнеше нұсқасы бар. Олардың әрқайсында бұл ежелгі Қытай кестесі екені, ол дәл айтатыны жазылған. Осындай үш кестені де салыстыру арқылы орыс тілді және ағылшын тілді дереккөзден алынған кесте екені анықталған. Үшеуінде де 18-ден 45 жасқа дейінгі 28 жолдың ішінде үшеуі ғана бірдей болып шыққан - 18, 21 және 22. Басқа ұяшықтарда әртүрлі мәндер жазылған. Демек, бұл сандарға сенбеу керек.

Яғни, ежелгі Қытай кестесі дұрыс емес. Бұл - баланың жынысын жоспарлаудың тағы бір псевдоғылыми, халықтық әдісі, ол ешқандай кепілдік бермейді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова