Қарағанды облысында 5-қабатқа атпен көтерілген адам ұсталды - видео

Қарағанды облысында 5-қабатқа атпен көтерілген адам ұсталды - видео
Фото: Видеодан алынған кадр

Қарағанда облысында 5-қабатқа дейін атпен көтерілген ер адам анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ол 51 жастағы Шашубай кентінің тұрғыны екенін анықтаған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сәйкес, хаттама толтырылып, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілген.

Ер адамға осы әрекеті үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова