Жаңа iPhone бүктемелі бола ма?

Жаңа iPhone бүктемелі бола ма?

Бірнеше жылдан бері Apple бүктемелі iPhone дайындап жатқаны туралы қауесет тараған еді. БАҚ-та пайда болған жаңа құжаттар компанияның осындай құрылғы жасау үшін жұмыс істеп жатқанын растайды, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle Patently Apple-ға сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, жақын арада сатылымға тағы бір өнім дайындалып жатыр. Бұл - бүктемелі әрі экраны үлкен форматтағы сенсор аппарат.

Apple арнайы технологияны патенттегені айтылады. Оның көмегімен смартфон дисплейі бүктелген кезде арнайы жабынмен жабылады. Ол құрылғыны сызат түсуден, сынудан қорғайды.

Сонымен қатар, БАҚ-та патент пен жаңа құрылғының сызбалары бар құжат пайда болды.

Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, Apple алғашында мұндай гаджет жасамаған еді. Бірақ компания бұл қадамға баруға мәжбүр болған. Өйткені бәсекелестерде, соның ішінде Samsung-та осындай үлгідегі құрылғылар бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова