Бір жылда әуе тасымалы 17 пайызға қымбаттады

Былтырғы желтоқсанның қорытындысы бойынша әуе тасымалы қызметінің құны бір жылда 16,8 пайызға өскен, - деп хабарлайды Energyprom.kz.

Өңірлер арасында Батыс Қазақстан облысында баға айтарлықтай өсті, яғни бірден 67 пайызға қымбаттады. Сондай-ақ, антилидерлер үштігіне Абай (жылына 57,3 пайыз) және Қостанай (43,2 пайыз) облыстары кірді.

Тек Ұлытау (20,8 пайызға) мен Алматы облыстарында (3,9 пайызға) баға төмендеген.

Ал былтырғы қаңтар мен желтоқсан аралығында авиакомпаниялар 11 миллион жолаушыны тасымалдаған. 2021 жылмен салыстырғанда 16,5 пайызға көп. Ең жоғары көрсеткіш Алматыда тіркелді: 7,4 миллион адам, оған қоса жылына 11 пайыз. Одан кейін Шымкент (3 миллион адам) және Астана (562,5 мың адам) тұр.

Сонымен қатар, жүк пен багажды әуекөлігімен тасымалдау көлемі 24,5 мың тонна болған. Былтырмен салыстырғанда 27,9 пайызға аз. Жүк авиатасымалдары еліміздің үш өңірінде Алматы (14,7 мың тонна), Шымкент (6,3 мың тонна) және Астанада (3,5 мың тонна) ғана тіркелген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!