"39 миллион теңге". Әлішер Елікбаев донорлық операцияға аудару үшін ақша жинап жатыр

"39 миллион теңге". Әлішер Елікбаев донорлық операцияға аудару үшін ақша жинап жатыр

Коммуникация маманы, блогер Әлішер Елікбаев оқырмандарымен бірге донорлық операцияға қаржы жинап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елікбаевтың сөзінше, бүгінде 39 миллион теңгедей жиналған. Оның 25 миллионын блогердің оқырмандары былтыр желтоқсанда жинаған екен.

"Әзірге 14 миллион жинадық, оның 25 миллионын желтоқсанда жинадық. Сонымен 39 миллион бар", - деп есеп берді Әлішер Елікбаев Telegram-арнасында. 

Оның сөзінше, қаражат екі донорлық операцияға қажет. Ал операция құны шамамен 67 миллион болмақ.  

Операцияға қаржылай көмектесем деушілерге Елікбаев карта нөмірін тіркеп қойды: 4400 4301 6920 2139 (Алишер Е.). 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина