Актер Вахтанг Кикабидзе өмірден өтті

Актер Вахтанг Кикабидзе 85 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Кейінгі жылдары актер ауыр сырқатпен күресіп жүрген. 

Кикабидзе 1938 жылы Тбилисиде дүниеге келген. 1966 жылы "Орера" ансамбліне (ұрмалы аспаптар, вокал) келді. Сол жылы 1966 жылы "Встреча в горах" фильмінде дебют жасады, ал бір жылдан кейін Георгия Данелияның "Не горюй!" фильміне түскен. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!