Иранда шенеунік өлім жазасына кесілді

Иранда шенеунік өлім жазасына кесілді
Фото: Еuronews

Иранда қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Алиреза Акбари өлім жазасына кесілді. Ел билігі Акбари Ұлыбританияға жасырын түрде қызмет етті деп айыптаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Еuronews.com сайтына сілтеме жасап. 

Акбари дарға асу арқылы өлім жазасына кесілгені туралы ирандық БАҚ-тар жазған, алайда оның нақты қай күні өткені белгісіз.  

Аятолл режимі Акбари "МИ-6-ның" маңызды агенттерінің бірі екенін, ол жасырын қызмет еткені үшін екі миллион еуро көлемінде сыйақы алғанын айтады. Үш жыл бұрын қамауға алынған экс-шенеуніктің екі азаматтығы болған екен. 

Бұған дейін Иранда Алиреза Акбаридің ядролық физик Мохсен Фахризаденің өліміне қатысы бар екенін дәлелдейтін видео тараған болып шықты. БАҚ-тардың мәліметінше, видеода Акбари қылмыс жасағанын мойындаған.   

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина