Андрей Лукин Сенат депутаты болып сайланды

Андрей Лукин Сенат депутаты болып сайланды
Фото: astana.kz

Орталық сайлау комиссиясында шығып қалған депутаттың орнына Астанадан Парламент Сенаты депутатын сайлауда дауыс берудің алдын ала нәтижесі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана сайлау комиссиясы ұсынған алдын ала деректерге сәйкес, Парламент Сенаты депутаттығына кандидат Андрей Лукин ең көп дауыс жинады - 65,5 пайыз.

31 сайлаушының 29-ы дауыс берді.

Сенат депутаты Андрей Лукин 2019 жылғы тамыздан бастап конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде қызмет етті.

Еске салайық, 13 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат депутаты Андрей Лукиннің өкілеттігін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды.

Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутаттарын сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек