Ақтөбеде жұмыртқа мен қант арзандады

Ақтөбеде жұмыртқа мен қант бағасы төмендеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр азық-түлік 25,3 пайызға қымбаттап кеткен. Оның ішінде, көбіне рафинад қант (92,7 пайызға), кір сабын (87,9 пайызға) және кеңсе тауарлары (70,3 пайыз) бар.  

Басылым тілшілері дүкендерді аралап, бағаларды салыстырған. Зерттеу барысында тілшілер қант пен тауық жұмыртқасы арзандағанын байқаған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!