Ақтөбе облысындағы тасжолда 33 жолаушысы бар автобус тұрып қалды

Ақтөбе облысындағы тасжолда 33 жолаушысы бар автобус тұрып қалды
Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысындағы тасжолда 33 жолаушысы бар автобус тұрып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz

Ведомство мәліметінше, 12 қаңтарда Хромтау ауданы Самара-Шымкент тасжолының 819-шақырымында Mercedes-Benz автобусы тұрып қалған. Қатты аязға байланысты көліктің дизель отыны қатып қалып, ол әрі қарай оталмаған. Оқиға орнына патрульдік полиция жасағы жіберілген. Олар үш әйелді құтқарған, ал автобус басқа жолаушылармен бірге Хромтаудағы Шерхан кемпингіне жылыту пунктіне жіберілген.

Автобуста 2 Қазақстан азаматы және 31 Өзбекстан азаматы болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова