Қайрат Нұртас ерекше білезігін көрсетті

Танымал әнші Қайрат Нұртас Instagram-парақшасында ерекше білезігін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода әншінің қолындағы әшекей күміс екені көрінеді. Сондай-ақ, жұбайы белгілі актриса, тележүргізуші Жұлдыз Абдукаримовадан бастап балаларының суретіне дейін бейнеленген. 

Әншінің бұл образы Amre лақап атымен танымал Ернар Садырбаевтың туған күн кешіне бару үшін таңдалған. Бұл кеште өзге де танымал өнер адамдары қонақ болған.

Айта кетейік, жұлдызды жұптың Алау, Сезім, Нарұл, Хан атты ұл-қыздары бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!