- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Парламент Елбасы туралы...
Парламент Елбасы туралы заңның күшін жоюға дауыс берді
Депутаттар Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы туралы заңның күшін жою туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында депутаттар баяндама жасап, заң жобасын талқылады.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы ҚР конституциялық заңының күші жойылды деп тану туралы ҚР конституциялық заңының жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Елбасы туралы заңның күші жойылды - Конституциялық сот
Сенаттан қатысып отырған 44 депутаттың барлығы жақтады. Мәжілістен қатысып отырған 93 депутаттың бәрі заң жобасын мақұлдады.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов заң жобасын талқылау барысында өзгерістер мен толықтырулар болмағандықтан, екінші оқылымда да қабылдауды ұсынды. Депутаттар қолдады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина