Астанада алты мектептің мұғалімдері ұсталды

Астанада алты мектептің мұғалімдері ұсталды

Астанада алты мектептің мұғалімдері ұсталды. Олар жалған дипломмен жұмыс істеп жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, жұмысқа орналасу кезінде 6 мектептің мұғалімдері жалған дипломдарды ұсынды, нәтижесінде олар балаларды оқыту құқығына ие болған.

Тексеру қорытындысымен Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігімен, яғни көрінеу жалған құжатты пайдалану бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Мұғалімдердің педагогикалық қызметі тоқтатылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина