Ақтөбеде қаңтардағы наразылық кезінде екі полиция қызметкерін көлікпен қағып кеткен ер адам 15 жылға сотталуы мүмкін

Ақтөбеде қаңтардағы наразылық кезінде екі полиция қызметкерін көлікпен қағып кеткен ер адам 15 жылға сотталуы мүмкін
Фото: diapazon.kz

Ақтөбе қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта былтыр қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты сот талқылауы болды. Мемлекеттік айыптаушы Нұрсұлтан Исаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Тергеушілердің айтуынша, ол тәртіпсіздіктерге қатысып, екі полиция қызметкерін көлікпен қағып кеткен, - деп хабарлайды diapazon.kz.

Прокуратураның позициясынан оның құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өліміне себепкер болғаны белгілі болды. Оқиғадан кейін ол көлігін "Әлия" базарының жанына қойып, одан нөмірлерін шешіп, ұрланғанын хабарлаған.

Сотталушы кінәсін мойындамай отыр. Оның айғақтарынан облыс әкімдігі алдындағы алаңда наразылық білдірушілер болған күні ол сыныптастарымен кездескені белгілі болды. Олар алаңға не болып жатқанын көру үшін келген. Артынша, алаңда бейбіт тұрғындар мен тәртіп сақшылары арасында қақтығыстар бола бастады, көлікке қарсы арнайы құралдар қолданылды. Арнайы құралдар газбен жабдықталған соң, ол кетуге шешім қабылдады. Сол кезде ол есеңгіреп қалған, алайда адамдарға шабуыл жасау ниеті болмаған.

Оның адвокаты бір полиция қызметкерінің жеңіл жарақат алғанын, екіншісінің мүлде жарақат алмағанын, тіпті ауруханаға жатқызудан бас тартқанын айтты. Сондай-ақ, оның тәртіпсіздікке қатысқаны туралы тікелей дәлелдер жоқ, оны куәгерлер де, жәбірленушілер де көрсетпеді. Құқық қорғаушы оның әрекеті бастапқыда дұрыс емес болғанын, алғашқы күннен заңсыздыққа тап болғанын айтты.

Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушылар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деген айыппен басқа адамдарды да бас бостандығынан айыруды сұрады, бірақ рақымшылықты ескере отырып, оларға қатысты мерзімін әлдеқайда қысқартуды сұрады. Мәселен, мемлекеттік айыптаушы 8 айыпталушыны 10 ай 15 тәулікке, тағы 4 адамды 9 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Облыстық әкімдік ғимаратында қызметкерден қару алған айыпталушыны 7 жылға бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Мемлекеттік айыптаушы белгілі белсенді Қуат Шамұратовты рақымшылыққа байланысты жазадан босатуды сұрады. Шамұратовтың төрт баласы бар, ол ішкі істер органдарында 10 жылдан аса қызмет атқарған.

Сотталушылардың арасында бір әйел бар. Тергеушілердің айтуынша, ол билік пен полиция қызметкерлеріне қарсы агрессив үгіт жүргізген. 4 қаңтарда ол полиция қызметкерлерін иттер мен қарақшылар деп атаған видеоны түсіріп, Facebook-те жариялады. Алаңға жиналғандарды қолдау мақсатында қайырымдылық акциясын да ұйымдастырды. Бұл ақшаға ол тамақ сатып алды, киіз үйді жалға алды. 4-6 қаңтар аралығында оның есепшотына 1 миллион 364 мың теңге түскен. Мемлекеттік айыптаушы оны 10 ай 15 тәулікке қамауды сұрады.

diapazon.kz

Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушы алаңға қиыршық тас, жанар-жағармай тиелген екі көлік жеткізілгенін айтты.

Сотқа тәртіп сақшылары арасынан зардап шеккендер келмеді, олардың қатысуынсыз өткізуді өтінді. Олардың айыпталушыға қоятын талаптары жоқ.

Айыпталушылардың адвокаттары журналистермен сұхбатында сот істі объектив қарап, әділ үкім шығарады деп үміттенетіндерін айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек