Ақтаудағы ТЖО-да жарылыс болды: қаза тапқандар бар

Ақтаудағы техникалық жөндеу орталығында жарылыс болды. Ғимараттан өрт шығып, алты газ баллоны жарылып кеткен. Бір әйел қаза тауып, үш ер адам күйіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. 

ТЖМ мәліметінше, 12 қаңтарда сағат 18:20-да Ақтаудағы ТЖО-лардың бірінде өрт шығып, алты газ баллоны жарылған. 

Өртсөндірушілер одан бөлек 17 газ баллонын шығарып үлгерген. Өрт сағат 18:48-де сөндірілді. Жалпы 50 шаршы метрді өрт шарпыған. 

Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!