Алматы орталығындағы өрт ауыздықталды: екі адам құтқарылды

Алматы орталығындағы өрт ауыздықталды: екі адам құтқарылды
Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Алматы орталығында Абай даңғылы бойындағы өрт ауыздықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері қабылданған шаралар арқасында сағат 15:58-де өрт оқшауланды, 16:31-де өрт сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Өрттің жалпы аумағы 310 шаршы метр болды. Өртсөндірушілер шатырдың едәуір бөлігін, үйді және сауда алаңын өрттен қорғай алды.

Өрт кезінде ТЖД өкілдері екі адамды, оның ішінде бір баланы құтқарып, 60 адамды, оның ішінде 13 баланы эвакуациялады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖД өкілдері өрт үйдің 1 және 2 қабаттарында орналасқан екі қабатты дәмханада (ас үйде) болғанын, кейін ол үшінші қабатқа пәтерге және ішінара үйдің шатырына ауысқанын түсіндірді.

Өрттен зақымдалған пәтер тұрғындары қонақүйге орналастырылады (қазір барлық эвакуацияланған тұрғын арнайы жылытқышы бар автобустарда). Өрттің себебі анықталып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Абай даңғылының бойында, Орталық стадионның жанындағы үй өртенгенін хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек