Түркістан базарында зорлық болды: күдіктілер ұсталды

Түркістан базарында зорлық болды. Бұл іске қатысты күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2022 жылғы 28 желтоқсанда Түркістан ПБ-ға Қызылорда ПБ-дан Қызылорда облысының тұрғыны белгілі бір танысының оған қатысты сексуал сипаттағы іс-әрекеттер жасауға тырысқаны туралы арызы келіп түскен.

2022 жылғы 29 желтоқсанда бұл жайт бойынша жинақталған материалдар Түркістан ПБ-да 120-бабы 1-бөлігі "Зорлау" бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде Түркістанның екі тұрғыны анықталды.  

Қазір полиция қызметкерлері екі тараптан да жауап алды. Тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр және болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл жайт бойынша сараптамалар тағайындалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!