Зейнетке ерте шығу неге қауіпті? Ғалымдар жауабы

Адам ұзақ уақыт бойы жұмыссыз болса, қиын кезеңге тап болады. Оның жады баяу әлсірейді, деменцияға шалдығу мүмкіндігі артады, - деп хабарлайды doctorpiter.ru.

Көп қарт адам ерте зейнетке шығуды армандайды: жұмыс істемейді, демалып, қолөнер, кітап оқу немесе бау-бақша өсіру сияқты өзіне ұнайтын нәрсені жасай алады.

Дегенмен ғалымдар мансапты ерте аяқтамау керегін ескертеді. Сонымен қатар, ерте зейнеткерлікке шығу егде жастағы адамдарда ойлау қабілетін баяулатуы мүмкін.

Бингемтон университетінің ғалымдары Пламен Николов пен Шахадат Хоссейн Қытайдағы ауыл тұрғындары үшін жаңа зейнетақы схемасын (NRPS) және Қытайдың денсаулық пен зейнеткерлікке шығудың ұлттық ұзақ мерзімді зерттеуін (CHARLS) қарастырды, бұл - 45 жастан асқан адамдардың когнитив деңгейін бағалау үшін жасалған зерттеу. Осындай қиын жұмысты Бингемтон университетінің ғалымдары ерте зейнетке шығудың ақыл-ой қабілеттеріне қалай әсер ететінін анықтау мақсатында жүргізді.

Елдегі демографиялық жағдайға, халықтың ntp қартаюына және Қытайдағы қарт туыстарына қамқорлық жасау дәстүрінен біртіндеп бас тартуға байланысты зейнетке шығу жасына әсер еткен жаңа бағдарлама қабылданды. Алайда зерттеушілер бұл егде жастағы азаматтардың когнитив қызметіне кері әсер еткенін анықтады.

Маңызды көрсеткіштердің бірі - есте сақтау қабілетіне әсері. Оны ғалымдар деменцияның хабаршысы деп атайды. Ерте зейнетке шығу бұл ауруды асқындыратыны анықталды.

Бір қызығы, зейнетке ерте шығу егде жастағы әйелдерге күштірек әсер етті.

Зейнетақы төлемдерін төлеу, керісінше, денсаулық жағдайына жағымды әсер етті. Бірақ ертерек зейнетке шығу бірқатар басқа аспектіге теріс әсер етті. Мысалы, әлеуметтік белсенділік деңгейіне.

"Жалпы, ерте зейнеткерлікке шығудың психикалық және әлеуметтік белсенділікке жағымсыз салдары бағдарламаның басқа жағымды аспектілерінен көп", - деді Николов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!