"АрселорМиттал Теміртау" компаниясына кешенді тексеріс жүргізіледі

Үкіметте "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына кешенді тексеру жүргізу мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

12 қаңтарда, Премьер-министр Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының вице-президенті Виджай Гоялмен және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездесті.

Әлихан Смайылов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен АМТ арасында қол қойылған меморандум аясында қазақстандық тарап кәсіпорынға қаржылық, техникалық және экологиялық аудит жүргізу үшін тәуелсіз халықаралық консультанттарды шақырғанын айтты.

Сонымен қатар, Премьер-министр "АрселорМиттал Теміртауға" кешенді тексеру жүргізу кестесі жіберілгенін айтты.

Өз кезегінде Виджай Гоял барлық тексеру шарасына толық жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!