Қазақстанда құмар ойындары мен бәс тігу саласындағы қызметтер сегіз есе өскен

Қазақстанда құмар ойындары мен бәс тігу саласындағы қызметтер сегіз есе өскен
Фото: elements.envato.com

2022 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында құмар ойындарды ұйымдастыру мен бәс тігу бойынша қызмет 456,2 миллиард теңгеге жеткен, былтырғы көрсеткіштен 8,5 есе көп, - деп хабарлайды Energyprom.kz

Қызмет көрсету көлемі бойынша құмар ойынды ұйымдастыру мен бәс тігу қызметі жылжымайтын мүлікке қатысты жасалатын операциялардан, сәулет, инженерлік жұмыстар, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызметтерден, сондай-ақ, компьютер бағдарламалау мен консультация қызметтерінен кейін екінші орында тұр.

Кәсіпорындардың мөлшері бойынша 2022 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында бұл қызметтің ең көп көлемі орташа компанияларға тиесілі болған, яғни 276,4 миллиард теңге. Одан кейін шағын және ірі кәсіпорындар тұр, 163,1 миллиард және 16,7 миллиард теңге. Жеке кәсіпкерлердің үлесі 9,9 миллион болды.

Меншік нысандары арасында жеке компаниялар сектордағы қызметтің 293,3 миллиард теңгесін қамтамасыз етті. Былтырмен салыстырғанда 17 есе көп.

Бұл ретте шетелдік компаниялардың да үлесі болған, яғни 162,9 миллиард теңге. Былтырмен салыстырғанда 4,5 есе көп.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова