"Өліп жігіт іздеудің қажеті жоқ". Аружан Жазылбекова жас қыздарға кеңес берді

Танымал актриса Аружан Жазылбекова жас қыздарға бірнеше кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram Stories-інде "сұрақ-жауап" айдарында бөлісті. 

"Мынадай хабарлама көп. Бірақ мен нақты бірнәрсені бөлісе алмаймын, сұрасаңыздар айтайын.

  1. Фокусты өзіңізге қойыңыз. Болашағыңызға, мақсатыңызға, оқу мен мансабыңызға назар аударыңыз. 
  2. Өзіңізбен қарым-қатынасты жөндеңіз. Өзіңізге сенімділігіңіз ақсап жатса, көтеруге тырысыңыз.
  3. Қандай да бір қорқыныш болса, оның себебін анықтап, жеңуге тырысыңыз. 
  4. Қаржы жағынан тәуелсіз болуға тырысыңыз. Ақша табыңыз, жинаңыз, инвестициялаңыз. 
  5. Ресурсты ер адамға құртпаңыз. Өліп жігіт іздеудің қажеті жоқ. Күйеуге шығып, бала туу туралы ойламаңыз. Бәріне үлгересіз. Тұрмыс құрмас бұрын аяққа нық тұру керек.
  6. Өмірден ляззат алыңыз, дос болыңыз, билеңіз, тамақтаныңыз, әдемі киініңіз, бүйрегіңізді сақтаңыз! Қысқа жейделер, әрине, жақсы, бірақ бүйрек одан да маңызды", - дейді актриса. 

Сондай-ақ, өнер иесі үйлену тойын өткізбегенін айтты. 

"Тойымыз болған жоқ. Бұлқан-талқан болып дайындалуды қаламадық. Жай ғана қол қойып, шампан іштік", - дейді ол.

Айта кетейік, Аружан Жазылбекова - танымал қазақстандық актриса. Ол "Рэкетир", "Алтын Орда", "Анаға апарар жол" фильмдеріне түсті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!