"Шынайы эмоция болды". Жаңа министр Желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді

"Шынайы эмоция болды". Жаңа министр Желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов көпшілікті қол шапалақтауға шақырғаны көрінетін видеоның мән-жайын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет отырысынан кейін журналистер Amanat партиясының бұрынғы атқарушы хатшысынан Желіде тараған видео туралы сұраған. Кадрларда Асхат Ораловтың көпшілікті қол шапалақтауға шақырғаны көрінеді.

Министр видеода шынайы эмоциясы көрінгенін айтты.

"Осындай тарихи сәтте қазақстандықтардың қолдауын көргенде шын жүректен қуандық. Екі айлық үгіт-насихат жұмысының нәтижесін және халықтың қолдауын көргенде қатты қуандық. Сондықтан бәрін қуанышын бөлісуге шақырдық. Бұл шынайы эмоция болды", - деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, 4 қаңтарда 32 жастағы Асхат Оралов мәдениет және спорт министрі болып тағайындалған еді. Бұған дейін бұл қызметті Дәурен Абаев атқарды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова