Талдықорғанда қазандық жарылды

Талдықорғанда қазандық жарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде жарылыс салдары көрсетілген видео пайда болды. 

Талдықорған қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жарылыс 11 желтоқсанда сағат 12:55-те Жетісу шағынауданында болған.

"№1 қазандықтың екіқабатты ғимаратында жылыту қазандығы жарылып, терезе шағылды. Оқиға кезінде бір ғана қазандық жұмыс істеп тұрған. Қазір резервтегі қазандық іске қосылып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Ауа температурасы -11 градус. Жылу магистралінде 52 градус. Жұмыс температурасы бір сағат ішінде қалпына келтіріледі", - делінген хабарламада.

Қазандық арқылы 70 көпқабатты үй мен 112 жекеменшік үйге және 8 бюджеттік мекемеге жылу беріліп отырған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!